Алматы қаласы - елдің ғылыми, мәдени және қаржы орталығы. Алматының бұрынғы аты - АЛМАЛЫҚ. Алматыда 1 485 496 адам бар.
Алматыда университеттер, мұражайлар, театрлар, кітапханалар, саябақтар, сауда орталықтары көп. Алматыда “Көктөбе” бар. Оның биіктігі 1070 метр. “Медеу” мұз айдыны тауда орналасқан. Ол - өте әдемі. Алматыда халықаралық әуежай бар.
Алматының көшелері - кең және түзу. Көшеде автобустар, троллейбустар, трамвайлар жүреді. Алматыда жаңа метро бар.
Алматыда ескі үйлер де, жаңа, әдемі, биік ғимараттар да бар. Ал мына қызыл алма да Алматынікі. Бұл - өте дәмді алма. Алматы - әдемі, жасыл қала, бірақ көшеде машиналар өте көп.